Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 16 қараша күні жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. 16 қараша күні сағат 10.00-12.30 аралығында Тасшағыл орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездеседі. Кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
Сағат 14.00-16.30 аралығында Шалқыма мәдениет үйінде Жасқайрат ауылының тұрғындарымен кездеседі. Кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.
Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі аудан әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.
8(71238) 5-11-41 Тасшағыл ауылдық округі,
8(71238) 2-50-03 Жасқайрат ауылдық округінің телефон нөмірі арқылы қосымша ақпарат алуға болады.