Көздіқарада балабақша мен спорт кешені бой көтермек

Аудан тұрғындарымен кездесу және олардың проблемалық мәселелерін тыңдау, атқарылар жұмыстарды баяндау мақсатында аудан әкімі Қанат Әзмұханов Көздіғаралық ағайынмен дидарласып, жоспарланған жұмыстар талқылады.

Бұл туралы біз аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен білдік. Атап айтар болсақ, «Жастар» саябағын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақталды. Құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарлануда.

Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст

Сондай-ақ, спорт кешені құрылысы жүргізілуде. 2024 жылы аяқталу керек еді. Су тасқынына байланысты құрылыс жұмыстары тұрып қалды. Кемшіліктер жойылып, құрылыс басталды. Енді 2025 жылы аяқталады.

Возможно, это изображение 7 человек

Бұдан бөлек, 100 орындық балабақша салу үшін ЖСҚ дайындалуда, алдағы жылдары құрылыс жұмыстары басталу жоспарда тұр.

Возможно, это изображение 5 человек

Сол сияқты, 6,1 шақырым ауылішік автокөлік жолының құрылысына ЖСҚ жасақталып, сараптамаға жолданды. Жол құрылысын алдағы жылдары жүргізу жоспарда тұр.

Возможно, это изображение 7 человек

Сондай-ақ, Ойыл өзені бойындағы Кезауыз бөгеті иесіз деп танылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін келер жылы ЖСҚ жасақталады.

Возможно, это изображение 9 человек

Ал, Қосқұлақтағы кітапхана ғимараты авариялық жағдайда болғандықтан жабылды. Бүйректегі кітапхана ғимараты ескі. 2025 жылы модульдік ғимараттар сатып алу жоспарлануда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив

Возможно, это изображение 3 человека

Возможно, это изображение 7 человек