Атырауда жәрмеңке өтті

Облыста «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант және 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие алып, өз ісін ашқан кәсіпкерлер арасында көрме-жәрмеңке өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Мемлекеттік гранттар көп балалы аналар мен АӘК алушыларға, мүгедектігі бар және оларды асыраушылар мен асыраушысынан айырылғандарға, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастар санатына жататын адамдарға берілді, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. Еркебұлан Әбілхасымов.

Қайтарымсыз грант алған кәсіпкерлердің бірі - Айымжан Қуанышева. Ол көрмеде балаларға арналған ерекше өнімдерді ұсынды.

- Балалардың түстерді ажыратып, қол моторикасын дамыту үшін боялатын жеңіл жейделер шығардық. Онда балалардың қызығушылығын оятатын түрлі принттер бар. Олар әр түрлі бояғышпен боялып тез жуылады, - деді А.Қуанышева.

Көрмеде 70-ке жуық кәсіпкер өз өнімдерін ал, жәрмеңкеде 50-ден астам ірі мекеме 500-ге жуық ваканттық жұмыс орнын ұсынды.