Атырауда маскүнемдер бас қосты

Атырауда анонимді маскүнемдер клубы ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress.

«Ащы суға» тәуелділіктен арыла алмай жүрген клуб мүшелерінің арасында ер де, әйел де бар. Олар жуырда өзара бас қосып, зиянды әдеттен құтылу жолдарын талқылады.

«Арақтың адамзат баласының қас жауына айналғалы қашан?! Соның кесірінен көптеген жанұяныңшаңырағы ортасына түсті. Сондықтан мұндай клубтың ашылғаны жақсы болды. Ол біздердің отбасыларымызға оралуымызға көмектеседі деп сенеміз» дейді клуб мүшелерінің бірі. 

Клубқа мүше болу – тегін. Ал, маскүнемдердің кездесуі жергілікті еріктілер ұйымдарының қолдауымен тжасырын түрде өткізіліп тұрмақ.

Айта кетейік, маскүнемдіктен көз жұму дерегі бойынша Қазақстан әлемде 13-ші орында тұр. Ал, елдегі осындай клубтарға 700 адам мүше екен. Олардың жартысы – әйелдер.

Ләззат СӘЛІМОВА

Аударған: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ