Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
«Jac Sunray» маркалы көліктер толықтай арнайы құрылғылармен жабдықталған және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қауіпсіз тасымалдауға негізделген. Мұнда арбаларға арналған арнайы көтергіш орнатылған. Автокөліктердің әрқайсысы алты орынды.
- Қаламызға мамандандырылған инватакси қызметі келгеніне қуаныштымын. Біз секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға бұл үлкен көмек. Ішіне отырып, қызметін көрдік. Такси қолайлы, мүгедектігі бар жандарға арнайылап жасалған. Ішінде салқындатқышпен бірге, арбаны тартып ұстап қалатын белдіктер орнатылған. Демеушілерге алғысымызды білдіреміз,- деді инватакси қолданушысы Наурызбек Шакиев.
Бүгінде Атырау қаласында 14 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның ішінде 638 мүмкіндігі шектеулі азамат инватакси қызметін пайдаланып отыр. Осы санаттағы қалған тұрғындар екі арнайы автокөлік қызметін «Сенім шыңы» қоғамдық бірлестігінің басқаруымен енді ақылы түрде пайдаланатын болады.
- Инватакси қызметіне өтініш телефон арқылы жоспарланған сапар күнінен бір күн бұрын беріледі. Тапсырыс беруші тұлғада денсаулық сақтау мекемелерінің берген анықтамасы болуы қажет. Былтыр қала бойынша мүгедек жандарды тасымалдауға арналған 5 автобус сатып алған болатын. Биыл «Сенім шыңы» қоғамдық ұйымы ұтып алып отыр. Бүгінде бес техника конкурсқа берілсе, оның екеуі жеңімпаз болып танылды. Қалған үш техниканы осындай мақсатта конкурсқа беретін боламыз,- деді Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рафхат Жолдиев.