Атырауда «Бірыңғай есеп беру күні» өтті

Іс-шараға 100-ден астам кәсіпкер қатысып, мемлекеттік орган өкілдерімен сұрақ-жауап алмасты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, облыс прокурорының орынбасары Бақытжан Сәдібеков, облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев және өзге де жауапты орган өкілдері қатысты. Мақсаты - өңірдегі бизнес өкілдерінің кәсіппен айналысуына қолайлы орта қалыптастыру.

- Ауқымды шараға Қызылқоға ауданынан арнайы келдім. Өзім мал шаруашылығымен айналысатындықтан жайылымдық жерге қатысты сауалдарымды жолдадым. Жауаптылар мәселемнің түбегейлі шешімін түсіндіріп берді.Кәсіпкерлерді қолдауға арналған осындай жиындар жалғасын таба берсін демекпін, - деді Өтеген Дайынов.