Жаңа Зеландия тұрғына екі баласы мен өзін тастап, балық аулауға кеткен күйеуін сатылымға шығарды. Бұл туралы Independent басылымы хабарлайды.
Линда МакАлистер есімді әйел Джон деген азаматқа 2019 жылы тұрмысқа шығады. Заңды некеге тұрғанға ға дейін бұл жұптың ортақ екі баласы болады. МакАлистердің айтуынша, оқу демалысы кезінде оны күйеуі балаларымен бірге тастап, балық аулауға кетіп қалған. Жолдасының бұл әрекетіне ашуланған әйел оны TradeMe онлайн-аукционына қояды.
"Күйеу сатылады. Бойы - 184 сантиметр, жасы - 37-де. Аңға шыққанды және балық аулағанды жақсы көреді. Кейбір жағдайларда ашушаң болып кетуі мүмкін, бірақ өздігінен сабырға келе алады. Оны басқару оңай. Бұған дейін бірнеше иесі болды. Ауыстырып алуға және қайтарып беруге болмайды", - деп жазған МакАлистер "тауардың" сипаттамасында.