Атырауда сұмдық жайттың беті ашылды... (+ВИДЕО)

Соңғы кезде өңірде иттердің күрт азайып бара жатқаны тұрғындардың күдігін тудыруда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осыған алаңдаушылық білдірген еріктілер арнайы тергеу жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, төртаяқтылардың өлекселері қаладағы мал қорымынан табылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Одан өлекселердің өртенбей, тау болып үйіліп жатқанын көруге болады. Мұндай көріністен жағасын ұстаған «Доброе сердце» қоғамдық қорының негізін қалаушы Венера Манасова бастаған еріктілер тобы полицияға хабар бергендерін айтады.

Негізі, мал қорымы агрессивті жануарларға арналған екен. Алайда, мұнда сырғаланған, яғни, чипі барлары да жайрап жатыр. Еріктілердің сөзінше, бұл жерге зарарсыздандырылған жануарлар да әкелінеді екен. Демек, мемлекеттің иесіз иттерді зарарсыздандыруға бөлген қаражаты да желге ұшып жатыр деген сөз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: иллюстратив