Алматы қаласында пара нысана көздеу спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ATPress.kz
Дүбірлі додада бақтарын сынаған ауданымыздың спортшылары Биғайша Махаева І орынды қанжығасына байласа, Фариза Үсенова ІІІ орыннан көрінді. Үздік өнер көрсеткен мерген жерлесіміз Биғайша нысана көздеуде жоғары ұпай жинап, өзге аймақтардан келген мықты қарсыластарын жолда қалдырды.
- Мен өз нәтижеме өте қуаныштымын. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындықпен келдім. Соның арқасында үздіктер қатарынан көрініп, алтыннан алқа тақтым, – дейді жеңімпаз.
Жалпы, Биғайшаның спорттың бұл түрінен ұйымдастырылған турнирлерінен олжасыз оралған кезі болған емес.
Ал, бұл жолы ІІІ орынды қанағат тұтқан Фаризаға алдағы жарыстарда жеңістің тұғырынан көрініп, жеңімпаз болуды тілейміз.