Жерлес палуанымыз Бекзат Жалғасов Азия чемпионатының күміс медалін иеленді

ATPress.kz. 13 мамыр. Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында атыраулық палуан Бекзат Жалғасов еркін күрестен күміс жүлдені ұтып алды.

Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, еркін күрестен жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 65 келі салмақта белдескен жерлесіміз іріктеу кезеңінде пәкістандық қарсыласын ойсырата жеңген. Жартылай финалда да Бекзат моңғол палуанын айқын басымдықпен ұтып шығады. Алайда, ақтық сында Бекзат Жалғасов ирандық палуан Мохамед Баги Каримиге есе жіберіп алған.

Айта кетейік, бұл 2006 жылдан бермен қарайғы уақытта атыраулық спортшының еркін күрес бойынша Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісі.

 

Бек Әзберген