ATPress.kz. 28 сәуір. Жастар жанашыры Асқар Бопылдықовты еске алу мақсатында Индер ауданында волейболдан аймақтық сайыс өтті.
2004-2005 жылы туған ұлдар арасында өткен турнирге Батыс Қазақстан облысы Ақжайық, Тайпақ, Жанама ауданы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылы және Индер ауданының М. Әуезов, Ш. Уәлиханов, С. Сейфуллин, Б. Нысанбаев, Қ. Абаханов, Жамбыл, Гребенщик, М. Сиранов, Махамбет орта мектебінің құрамалары қатысты. Шешуге кезеңге шыққан командалар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бірінші орынды «Ақжайық» командасы иеленді. Екінші орын «Махамбет» командасына, үшінші орын «М. Сиранов» құрама командасына бұйырды.
Ерекше көзге түскен «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Асылбек Төремұратов (Елтай), Бексұлтан Қуаныш (Махамбет), Нұрғиса Меңдіғали (Ақжайық) марапатталды.
Айта кетелік, турнирің ашылу салтанатына Индер ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Сарғойшина қатысты. Додаға Болат Тастанов төрелік етті.
Диас Айбар,
Индер ауданы