Төрт миллион кімдерге бұйырады?

ATPress.kz. 12 наурыз. Төрт миллион теңге! Атырауда өтетін қазақша күрестен ашық республикалық турнирдің жүлде қорына осынша сома тігіліп отыр.

14 наурыз күні Атырауда шымылдығын ашатын «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум аясында абсолюттік салмақ дәрежесінде түйе палуандар арасында турнир өтеді. Турнирге еліміздің барлық облыстарынан отызға жуық палуан қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, жарыста Грузия мемлекетінің палуандары да бақ сынайды.

«Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. Бірінші орын иеленетін палуанға 2 миллион теңге, екінші орынға 1 миллион теңге және үшінші орын иеленген екі палуанға 500 мың теңге сыйақы тағайындалған», - деп хабарлайды Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимовке сілтеме жасаған Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, турнир 14 наурыз күні сағат 14.00-де Атырау қаласындағы теннис орталығында өтеді.

 

Тасым Әбіш