ҚУАТ ХАМИТОВ АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫДАН ЖЕҢІЛДІ

Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аралас жекпе-жектен Mergen Fighting Championship-2 турнирі өтуде.

Жарысқа 24 спортшы қатысып, оның 12-сі Қазақстанның намысын қорғады.

 Негізгі жекпе-жектердің бірі танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов пен атыраулық Нұрберген Шәріпов арасында өтті. Жекпе-жек үш минуттық үш раундқа есептелген.

 Ол екінші раундта Шәріповтің пайдасына аяқталды. Қарсыласы жарақат алып, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Айта кетейік, «Найман» жарысқа шығар алдында дәстүр бойынша шоу-бағдарлама қойды – ол командасымен бірге халық алдына қара маска киіп шықты. 

Ләззат САЛИМОВА.