ATPress.kz. 28 ақпан. Кезінде аудан спортын дамытуға зор үлес қосқан жерлесіміз Қоныс Ағелеуовтің өмірінің соңғы кезеңін көршілес Орал қаласында өткізгені белгілі. Ардагер спортшының рухына арналған кіші аяқ доптан ардагерлер арасындағы ашық турнир осымен
Кіші аяқ доп бәсекесіне «Газпром», «Өзенмұнайгаз», «Ақтөбе», «Атырау», «Махамбет», «Бузулук», «Галактикион Орал», «СК Орал», «Батыр Орал» командалары қатысты. Бірнеше күнге созылған байрақты бәсекеде «Галактион Орал» командасы бас жүлдені жеңіп алса, «Газпром Оренбург» командасы екінші жүлдені қанжығаларына байлады. Кіл мықтылардың арасында намысты қолдан бермеген «Махамбет» командасы үшінші жүлдені олжалады.
Жарыс төрешілерінің ұйғарымымен Б. Қарлибаев - үздік қақпашы (Галактион Орал), Ж. Құсайынов - үздік қорғаушы (Махамбет), А. Лепекин - үздік шабуылшы (СК Орал) деп танылды. Жарыста топ жарған командалар мен шебер ойын өрнегін көрсеткен футболшылар арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ф. Қожанова,
Махамбет ауданы