Оқушылар тоғызқұмалақ ойнап жарысты

ATPress.kz. 27 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл және Қазақстан Республикасының бітімгершілік мақсаттағы жеке құрама атқыштар батальонның Тәжікстан Республикасына кіргізілгеніне 25 жыл толуына орай Құлсары қаласында

Турнирге Жылыой ауданынан 6 команда және Махамбет ауданынан 2 команда қатынасқан болатын. Онын қорытындысы бойынша Махамбет ауданының командасы бірінші орынды иеленді. Жарыстың жеңімпаздары, яғни, Диас Жексенбай (Қ. Ахмедияров атындағы орта мектеп), Аяна Ержан (Д. Төленов атындағы мектеп гимназиясы), Айдина Есенжан (Д. Төленов атындағы мектеп гимназиясы) Жылыой аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен, арнайы сыйлықтарымен марапатталды.

 

Ф. Қожанова,

Махамбет ауданы