Намысты қолдан бермеді

ATPress.kz. 15 ақпан. Алматы облысына қарасты Талдықорған қаласында бокстың дамуына зор үлес қосқан білікті бапкер, спорт ардагері Легай Валерий Алексеевичтің 75 жасқа толуына орай бокстан турнир өткізілді.

Турнирге Талдықорған, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Атырау облыстарынан 2004-2005 жылы туылған 231 жасөспірім қатысты. Осылардың ішінен махамбеттік Бекет Жолдыбаев екінші орынға, Александр Гуртавой үшінші орынға ие болып, тұтас облыстың намысын абыроймен қорғап келді.

 

Ф. Қожанова,

Махамбет ауданы