ATPress.kz. 5 желтоқсан. Қызылқоға ауданындағы Миялы спорт кешенінде жергілікті спорт саласына жəне жастар саясатының дамуына үлес қосқан ауыл азаматы Мереке Серікбаевтың құрметіне кіші аяқ доптан жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті.
Оған Х.Досмұхамедұлы, Б.Аманшин атындағы орта мектеп пен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясынан командалар қатысты. Нәтижесінде, 6 сынып оқушылары арасынан Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің командасы І орынды, Ы. Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының командасы ІІ орынды, Б. Аманшин атындағы орта мектеп командасы ІІІ орынды иеленді. Ал, 7-8 сынып оқушылары бойынша Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп командасы І орынды, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының командасы ІІ орынды, Б.Аманшин атындағы орта мектеп командасы ІІІ орынды иемденді. Сонымен қатар, жарыста «Үздік ойыншы» атағын иеленген Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп оқушылары Нұрлан Нұрғалиев пен Аян Мұхамедəлі арнайы кубоктармен марапатталды.
Нұрсәуле Жауынбаева