ATPress.kz. 26 қаңтар. Жоғары оқу орындары және колледж педагог қызметкерлері арасында ұйымдастырылған облыстық спартакиада мәресіне жетті. Спартакиадада ұстаздар шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлеріне
Апта бойына созылған тартысты бәсекеде он бес команданың арасынан Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі екінші орынды жеңіп алды. Олардың алдын облыстағы ең іргелі оқу орны - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің командасы ғана орай алды. Ал, үшінші жүлде Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжіне бұйырды.
Индерлік команданың ішінде, әсіресе Бағдат Әбенов, Абылайбек Халықов, Руслан Ғазизов, Есбол Өтеуов, Алтынай Қонасова, Ақсұлу Жалғасова, Айдана Зейнелғабиденова, Әнел Қарымсақова өнер көрсеткен волейболшылар қарсыластарының бәрін жеңіп, жеңімпаз атанды.
Нұрсұлтан Салахиденов, Ерболат Әбілхатиев, Гүлмиза Әжігереева құрамындағы тоғызқұмалақшылар да облыстық әріптестері арасында ең күшті екендіктерін шаршы тақтада дәлелдеді. Ал Абылайбек Халықов, Жанболат Хамитов, Аида Масалимова құрамындағы шахматшылар командасы екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар шағын футбол және баскетбол мен үстел теннисінен жүлделі орын бұйырмағанымен команда қорына ұпай қосты.
С. Сансызбайұлы