Батырдың байрағы Атырауға бұйырды

ATPress.kz. 11 ақпан. Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың жүлдесі үшін өткен Индер ауданының волейболдан ашық біріншілігіне Батыс өңірден тоғыз команда келіп, үш топқа бөлініп, денешынықтыру-спорт кешені мен Ш. Уәлиханов атындағы мектептің қос залынд

Қызу таласқа толы өткен жарыстың жабылу салтанатында үшінші орынды (50 мың теңге) Алмалы командасы, екінші орынды (75000 теңге) Орал – Байбараққа командасы алды. Бірінші орын (100 000 теңге) Атырау-АМӨЗ командасына бұйырды.

Жарысты қорытындылаған Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н. Бисенбаевтың анықтауы бойынша Теміржан Хайрушов, Данияр Шеркешбаев, Жігер Сатқанов «үздік ойыншы» танылып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

 

С. Халықов