Балғын дзюдошылар жүлделі оралды

ATPress.kz. 5 желтоқсан. Ақтөбе облысының Ойыл ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай дзюдодан 2004-2006, 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында облыстық «Ойыл кубогі» ашық турнирі болып өтті.

Ал, оған қатысқан қызылқоғалық спортшыларымыздың жүлделі оралуы аудан абыройын асқақтатты. Атап айтсақ, 35 келі салмақта Аян Нұрлыбекұлы І орынды, 23 келі салмақта Ернұр Ақболатұлы ІІ орынды, 38 келі салмақта Қайрат Мираш ІІ орынды, 35 келі салмақта Арсен Жалғас пен Расул Ғайса ІІІ орынды иеленді. Олардың осындай жетістікке  жетуіне жаттықтырушылар Думан Мүтіш, Роман Майлашев, Бүркіт Орынбасаровтардың еңбектері зор.  

 

Кәмшат Әбіш