Атырауда «Жекпе жек» ұлттық спорт федерациясының жаңа президенті тағайындалды

ATPress.kz. 15 мамыр. Атырауда облыстық «Жекпе жек» ұлттық спорт федерациясының баспасөз маслихаты өтіп, жаңа президенті таныстырылды. Қазақстан Республикасы «Ұлттық спорт Жекпе-жек» федерациясының директоры Ерназар Әлімбетов өңірдегі құрылымның президент

Әлібек Аймұратов осыған дейін жекпе-жек федерациясының координаторы болып қызмет атқарған.

Баспасөз маслихатына Қазақстанға танымал спортшы, аралас жекпе-жектен «M-1 Challenge 87» чемпионы, жекпе-жек ұлттық спортынан Әлем чемпионы Арман Ашимов қатысты. Ол Атырауда аталған спорт түрінің жақсы деңгейде екенін айтып, болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың наурыз айында Атырау облыстық Ұлттық спорт түрі жекпе-жек федерациясы құрылып, оны осы уақытқа дейін Мадыxан Икрамұлы Бекбенбетов басқарған еді.

- Екі жыл ішінде Атырауда Қазақстан Республикасының біріншілігі, тұңғыш рет Әлем чемпионаты өткізіліп, үлкен жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да осы спорт түрінің дамуына күш салып, жастардың мұнымен еш кедергісіз айналысуына мүмкіндік туғызамыз, - дейді Әлібек Аймұратов.

Баспасөз маслихатынан соң Арман Ашимов жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізіп, жекпе-жек спортының қыр-сырымен таныстырды.

 

Айқара Ғұмар