Азаматтық қорғаныс күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Алау" спорт кешенінде Департаменттің қалалық бөлімшелері арасында шағын футболдан турнир өткізілді, деп хабарлайды ATPress.kz
Аталған іс-шараның мақсаты - жеке құрамды патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салты мен дене шынықтырумен айналысуды насихаттау, қызметкерлер арасында үздік спортшыларды анықтау болды.
Турнирдің ашылу салтанатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Шағын футболдан жарыс қорытындысы бойынша I орынды Атырау қаласының №13 өрт сөндіру бөлімінің командасы жеңіп алды, II орынды Атырау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы және III орынды Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағының командасы иеленді.
ATPress.kz