ATPress.kz. 15 қаңтар. Атырауда көкпардан жарыс өтті.
«Қала және ауылдардан жиналған 25 көкпаршы қатысқан шараны Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы ұйымдастырды», - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Үш сағатқа созылған көкпарда ең көп салым салған Нұрлан Бисенбаев 80 000 теңге еншіледі. Сонымен қатар, Ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Асланбек Жанбалаевтың атынан көкпардың ең үздік ойыншысы Махамбет ауданының тұрғыны 16 жасар Абылай Лұқпановқа ертоқым және Гүлсары атты сәйгүліктің иесі Қанат Тұрғалиевқа көкпаршы етігі табысталды.
Бек Әзберген