Президенттік жастар кадр резервіне құжаттар 1-30 қыркүйек аралығында қабылданады

Білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау 1-30 қыркүйек аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осыған байланысты 28 тамыз күні Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, мобильдік топ мүшесі Самат Емберген Атырау қаласы әкімдігінің бағынысты мекемелерінің 5 жыл еңбек өтілі бар, 35 жасқа дейінгі жастарға мобильдік топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Президенттік жастар кадр резервіне құжат тапсыру үшін қойылатын талаптар, Резервке қабылдану туралы кеңінен мәлімет берді.