Ауданда Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов пен Ермұрат Сейтқазыұлы Бапи жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Алдымен, "AMANAT" партиясының аудандық филиалында ауданымыздың аға буын өкілдерімен кездесіп, ұсыныс пікірлерін тыңдады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Жиын барысында халық қалаулылары Парламент қабырғасында атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндап өтті. Өз кезегінде ардагерлер тұзды көл, бұралқы ит, Атырау-Индер тас жолының жағдайы секілді бірқатар мәселелерді көтеріп, халық қалаулыларына ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар кездесуде аудандық "AMANAT" партиясының төрайымы Ақжібек Керімбайқызы Сабырғалиеваға аудандық ардагерлер ұйымының жұмысын жандандыруда сіңірген еңбегі үшін Бақтықожа Салахатдинұлының атынан Құрмет грамотасы табысталды. Кейін кездесу аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмысымен танысып, ұжым мүшелерімен кездесті.