Құрманғазы ауылдық округінің әкімі сайланды

Биыл 25 ақпанда Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткен болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 27 ақпандағы №10 шешімі негізінде, аудан әкімінің өкімімен 2024 жылғы 28 ақпанынан бастап, Муса Абдуррахман Рахметұлы Құрманғазы ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Муса Абдуррахман Рахметұлы 1977 жылы 25 желтоқсанда Құрманғазы ауданы, Ганюшкино ауылында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2009 жылы Атырау инжинерлік-гуманитарлық институтының «тарихшы» және 2018 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны. 1995-1997 жылдары «Жасұлан» жас натуралистер үйірмесінде педогог, басшы, 1999-2008 жылдары аудандық мешітте имам, 2008-2010 жылдары Орлы ауылдық округінің әкімі, 2010-2016 жылдары Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2020 жылдары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, 2020 жылдан бастап, қазіргі кезге дейін Құрманғазы ауылдық округі әкімі лауазымын атқарды.

Жаңадан сайланған округ әкімін аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы аудан активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тілей отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосады деген сенімін білдірді.