Елімізде он жылдан астам уақыт бойы ұмыт қалған мереке биыл қайта жаңғырды. Тәуелсіз Қазақстан мен қазақстандықтар үшін бұл күннің орны ерекше екені айтпаса да, түсінікті. Өйткені 1990 жылы 25 қазанда еліміздің егемендігі жайлы декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның төрткүл дүниеге танылып, әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құруына жол ашты. Демек, бұл күн ұлтымыз үшін ұлық мерекеге айналуы тиіс.
«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын», - деген еді Мемлекет басшысы.
Осы орайда, менің ойыма тарихшы Жақсылық Сәбитовтің пікірі оралып отыр. Оның айтуынша, 25 қазан – еліміздің экономикалық егемендік алған, экономикалық тәуелсіздік алған күні. Қазақстан экономикада өзінің ұлттық мүддесін жүзеге асыра бастады. Сондықтан бұл дата маңызды, әрине. Қазақстан өз егемендігін жариялап, тәуелсіздік жолын бастады. Ал Декларация (1990 ж. 25 қазан) Қазақстанның экономикалық саладағы ұлттық мүддесін белгілеген тәуелсіздік алу жолындағы алғашқы қадам әрі маңызды кезең болдыМерекені мемлекеттік не ұлттық мерекелер санатына енгізу әлемдегі барлық мемлекет пен елде бар тәжірибе. Бұл ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығына байланысты.
Серік ҚАДЫРОВ,
Атырау облысының кәсіподақтар орталығы «Келешек» ЖК төрағасы
Фото: akorda.kz