Бүгін – Құтқарушылар күні

Атырау өңірі бойынша биыл жедел-құтқару жасағы 340 жедел шығу жұмысы кезінде 76 адамды құтқарған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ал, республика бойынша жыл сайын орта есеппен 16 мыңға жуық төтенше жағдай тіркеледі, қазақстандық құтқарушылар 10 мыңнан астам адамды құтқарып, 20 мыңнан астамын эвакуациялайды.

Осы орайда, Мемлекет басшысы Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады.

– Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасына.

Расымен де, бұл – құтқарушылар, өрт сөндірушілер, сүңгуірлер, кинологтар, дәрігерлер, психологтар және төтенше жағдайға тап болғандардың бәріне бірінші болып көмекке келуге дайын басқа салалардың өкілдерінің атаулы күні. Олардың әрқайсысының жұмысы жоғары кәсіпқойлықты, жауапкершілік пен адалдықты талап етеді. Өмірді құтқару – қауіпті әрі игі іс.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ortcom.kz