Атырау қаласындағы №40 сайлау учаскесіне келушілерге бауырсақ пен шұбат таратылды.
Аталған учаске орналасқан Ұлттық киім киген «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері дауыс берушілерге осындай құрмет көрсетті.
Айта кетейік, аталған учаскеде алғаш болып қала тұрғыны Анеля Зинуллина өз таңдауын жасаған. Ал, жоспар бойынша №40 сайлау учаскесіне 2 280 адам дауыс береді деп күтілуде.