Атырау қаласының тұрғындары сайлауға белсене қатысуда

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауы сағат 07.00-де басталды.
Учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары атап өткендей, қала тұрғындары өз таңдауын жасау үшін белсенді түрде келуде.
“Бүгін маңызды күн. Сайлауға өз дауысымды беруге келдім. Халқымыз үшін, елдің амандығы үшін таңдауымды жасадым. Жер бетінде ешқандай соғыс болмасын, халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Көңіл-күйім өте жақсы. Барша атыраулықтарды сайлауға шақырамын” - дейді қала тұрғыны Әлібек Қайыпқалиев.
Өңірде барлығы 127 сайлау учаскесі бар, оның 11 - і жабық, олар ауруханалар, уақытша ұстау орындары және әскери бөлімдер. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін инватакси қызметі ұйымдастырылған. Айта кетейік, қала аумағындағы сайлаушылар саны 231 915.