Атырау қалалық мәслихатының жаңа төрағасы болып VIII шақырылым депутаты Мырзағалиев Бейбіт Темірбекұлы тағайындалды.
Осыған дейін Бейбіт Темірбекұлы Атырау облыстық «Аманат» партиясы филиалының бөлім басшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін Атырау қалалық мәслихат төрағасы қызметін атқарған Құрман Нұрбол Оразбайұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, өз ұсынысымен төрағалық қызметін тапсырды. Нұрбол Оразбайұлы 18 округтен сайланған мәслихат депутаты болып қала береді.