Түркістанда есепті тез шығаратын бүлдіршіннің видеосы тарады

Түркістан облысы Шардара ауданы Егізқұм ауылының тұрғыны төрт жасар Көпбай Ислам әлеуметтік желі қолданушыларын математикалық қабілеттерімен таң қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24“ арнасына сілтеме жасап.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА!

Жас математик әлі мектепке бармайды, бірақ екі таңбалы және тіпті үш таңбалы сандарды тез қосады. Сонымен қатар, көбейту кестесін жаттап алған.

Анасының айтуынша, Ислам кішкентайынан сандарға, есепке қызыққан. Тіпті оны ешкім үйретпегенін айтады. Бала мектепте оқитын әпкелерінің қасында отырып, өзі меңгеріпті.

"Үлкен қыздарым сабақ оқып жатқанда, қастарына отырып, кітаптарын ашатын. Екі таңбалы сандарға қарап, соңынан шеше бастады. Ол кезде небәрі үш жаста еді. Телефонда әрдайым математикалық ойындар ойнайды. Атамыз математик болған. Бәлкім, атасынан дарыған талант шығар", – деді анасы Гүлнар Қонарбаева.