Жетісу облысында жастар арасында «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық спорт басқармасының баспасөз өкілі Ілияс Шайхиевтен білгеніміздей, аталмыш шараға Алматы, Түркістан, Абай, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарымен қатар Астана және Алматы қаласының спортшылары да қатысты. Екі күнге созылған жарыста ең үздік көрсеткіштерге ие болған жеңімпаздар арнайы жүлделерге ие болды.
Бүркітшілер арасында Атырау облысының спортшысы Иманғали Абдыкәрімұлы чемпион атанды. Ал, жалпы командалық есепте Атырау облысы екінші орыннан көрінді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ