Атырауда шырша шамдары жағылды! (ВИДЕО)

Мұнайлы астанада жаңа жыл мерекесі басталып кетті

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫ ЖЕРДЕ!

Айта кетейік, желтоқсан айының 24, 25, 31 және 1-қаңтар күні Сарайшық коммуналдық базарында ауыл шаруашылық өнімдерін сататын жәрмеңке ұйымдастырылады. 24-29 желтоқсан аралығында М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында кішкентай бүлдіршіндерімізге арналған ертеңгіліктер өтеді. Сонымен қатар дәл осындай ертеңгіліктер желтоқсан айының 26-30 аралығында Атырау қаласына қарасты 7 ауылдық округтердегі мәдениет үйлерінде де өтетінін хабарлаймын. Жаңа жылдың, яғни 2023 жылдың 2-5 қаңтар аралығында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында баларға арналған ертеңгілік өз жалғасын табады. Ал, 31-желтоқсан күні С.Бейбарыс алаңында қала халқы мен қонақтары үшін Атырау қаласының өнерлі жастарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Іс-шара соңы мерекелік от шашумен аяқталмақ.