Синтетикалық есірткі таратпақ болған атыраулық ұсталды

«Қарасора іс-шарасы» аясында 200 доза синтетикалық есірткіні таратпақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында есірткі таратумен айналысқан деген күдіктіні қылмыс үстінен ұстады. 

24 жастағы күдіктінің жалдамалы пәтерін тексеру барысында салмағы 100 грамм, яғни 200 дозаны  құрайтын мефедрон есірткі заты тәркіленді. 

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс тіркеліп сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды. "Қарасора" іс-шарасы есірткі қылмысының жолын кесу және алдын алуға бағытталған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ