Қазақстанның «Киберқалқаны» құрылады

ATPress.kz. 28 мамыр. Қазақстанның ақпараттық жүйеде «Киберқалқаны» құрылады. Тұжырымдаманың жобасы Елбасы жолдауын іске асыру мақсатында және дамыған 30 елдің қатарына кіру мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленген.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Голобурда мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаны дайындау кезінде Малайзия, Сингапур, Ұлыбритания, Германия, Чехия, Франция және т.б. елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенген.  

«Тұжырымдаманың мақсаты жаһандық бәсекелестік жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалуына қол жеткізу және сол деңгейде ұстау болып табылады», - деді салалық ведомстваның өкілі.

Осы орайда баспасөз конференциясына қатысқан ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әбдіхалықов «тұжырымдаманы іске асыру екі кезеңнен тұратынын» атап өтті. 2017-2018 жылдар аралығын қамтитын бірінші кезеңде: 

- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы белгіленген талаптарды сақтаудың толық құқықтық қолдану практикасы қалыптасады;

- білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарға ревизия жүргізіледі, ақпараттық қауіпсіздік саласында даярланатын мамандардың саны мен сапасы артады, осы салада жұмыс істеп жүрген қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі; 

- отандық зерттемелер жасауда өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-қимыл мен кооперациялаудың тиімді схемасы бір жолға қойылады.

Ал екінші кезең 2019-2022 жылдар аралығында өтеді. Мұнда:

- қазақстандық IT-компаниялардың ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге негізді түрде қатысуын;

- отандық электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ел аумағында телекоммуникациялық жабдық сатып алуына тапсырыстармен жүктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Айдос Қарабала