ATPress.kz. 8 маусым. Бүгін «Атырау-Астрахань» халықаралық тас жолының бойында көлік апаты болды. Қаладан шыға берістегі көпір үстінде екі көлік бір-бірімен соқтығысқан.
Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Лада Гранта» және «Тойота Лэнд Крузер» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан «Лада Грантадағы» бес адам қаза тапқан.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айдос Қарабала