Кішкентай қызды зорламақшы болған педофил 15 жылға сотталып кетті

ATPress.kz. 11 қыркүйек. Атырауда кішкентай қызды зорламақшы болған педофил 15 жылға сотталып кетті. Оған қатысты үкім облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шықты.

Сот талқылауы барысында анықталғандай, биылғы жылдың 17 сәуірі күні Атырау қаласындағы Мирный ауылында мас күйдегі К. үйдің жанындағы 9 жасар Э.-ны көріп, оны зорламақшы болады. Содан кішкентай қызды қорқытып ұстап алып, бейіт жаққа апарған.  Алайда қыз зорлықшының арам ойын жүзеге асыруға мүмкіндік бермей, қашып құтылыпты. 

Сөйтіп, сот үкімімен және алқабилер вердиктімен айыпталушы К. Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша (көрінеу жас баланы зорлауға оқталу) кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде қатаң режимдегі түрме белгіленді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Айдос Қарабала

Фото miasskiy.ru сайтынан алынған