Есірткі қолданып, жол апатын жасаған

ATPress.kz. 22 мамыр. Атырауда естен адастыратын есірткі қолданып, жол апатын жасаған жігіт ұсталды. Жол-көлік оқиғасы 21 мамырда Вокзал маңы 3 «А» мөлтек ауданында болған.

Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кінәлі 1993 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Ол өзінің «Лада Приора» көлігімен автотұрақта тұрған «Кia Kortrijk» көлігіне соғылған. 

Наркологиялық орталық анықтағандай, кінәлі азамат орта дәрежеде «Трамадол» дәрісін қолданған. Бұл дәрі есірткінің орнына жүретін психотроптық препарат болып есептеледі. Сондай-ақ, тексеру барысында бұл азаматтың жуырда жүргізуші куәлігінен айрылғаны мәлім болды.  

Бүгінде Қылмыстық кодекстің 346 бабы, 1 бөлігі бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.

 

Айдос Қарабала

Фото pics.livejournal.com сайтынан алынған