ATPress.kz. 29 мамыр. Жоғарғы соттың интернет-ресурсында республикадағы соттар мен судьялар қызметіне сыртқы бағалау жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды. Мақсаты – азаматтардың мүдделері мен құқықтарының заңды сақталуын, судья мен соттың жұмысына халықты
Бұл жобаның басқалардан айырмашылығы:
- біріншіден, сауалнамаға тек қана сотқа қатысушы тараптар ғана қатыса алады. Олар жай көшедегі жолаушы емес, сот процесіне қатысқан талапкер, жауапкер, куәгер, сарапшы және сот процесі бойынша туындаған сұрақты талқылай алатын тұлға;
- екіншіден бағалауды тұрақты түрде жүргізу жоспарланып отыр. Бұған дейін арнайы бір уақыт аралығында осы тектес бірнеше зерттеулер өткізілген;
- үшіншіден, сауалнаманың нәтижесі судьялардың кәсіби қызметін бағалағанда Сот жюриінде қолданылады. Сондай-ақ, адвокаттар қоғамы арасында бәсекелестік тудырады, өйткені сауалнамада сотқа қатысушы тарапта өз қорғаушысының жұмысына баға беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сауалнама 1 шілдеге дейін «Сот кабинеті» сервисінің шеңберінде сот талқылауларына қатысушылар арасында жүргізіледі. Мұнда сот төрелігіне қолжетімділік, сот әдебін сақтау бойынша сұрақтармен қатар, процеске қатысқан адвокат пен прокурордың қызметіне қатысты да сауалдар қарастырылған. Барлығы 10 сұрақ қамтылған.
Ескерер мәселе, сауалнаманың қорытындысы Жоғарғы сотқа түседі, ал ол дегеніміз сауалнама нәтижесіне жергілікті ықпалдың болмайтындығын білдіреді.
Айдос Қарабала
Фото atr.sud.kz сайтынан алынған