ATPress.kz. 19 мамыр. Атырауда кеше екі үй өртенді. Тілсіз жауды өшіруге Атыраудағы өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 7 техникасы мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды.
Өрт оқиғаларының бірі кеше кешкі сағат 20.14-те "Мирас" ықшам ауданы, Сарайшық көшесі, №4 үйдің ауласында болған. Жалпы ауданы 96 шаршы метр болатын гараж бен баспананың шатыры өртенді. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 20.56 өшірген.
Ал екінші оқиға сағат 20.31-де Мұнайлы көшесі, №1/1 мекен-жайында болған. Салдарынан ауданы 100 шаршы метрді құрайтын, салынып бітпеген мансард үйдің шатыры мен ішкі қаптамасы толық жанып кеткен. Өрт 21.28-де тоқтатылды.
Айдос Қарабала
Фото topor.od.ua сайтынан алынған