«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында басқару құқығынсыз көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қоғамдық орындар мен көшелерде тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесу мақсатында Атырау қаласы аумағында 1-10 маусым аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында 3 маусым күні сағат 09:30 шамасында Азаттық даңғылы бойында Ресей федерациясында тіркелген маркасы Mazda автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында 1993 ж.т. жүргізушісінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі және көлік құралымен бұрын жасалған құқық бұзушылықтары үшін 300 мың теңге көлемінде төленбеген 16 айыппұлы бар екендігі анықталды. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша хаттама жасақталып, автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.
Осы ретте, патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тәртіп пен жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ