Балықтар құтқарылды /ВИДЕО

АTPress.kz. 10 сәуір. Сенбіде жүргізілген рейд барысында браконьерлердің Жайық өзеніне заңсыз құрған ауларына түсіп қалған 150 келіден астам балық түрлері қайтадан табиғи ортаға босатылды.

Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері 8 сәуірде браконьерлердің көп шоғырланатын жерлеріне Жайықтан Каспийге дейінгі аралықта барлау жүргізді. Заңсыз балық аулаушылардың жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған рейдке 12 моторлы қайық және «КС» маркалы 6 катер жұмылдырылды.   

Шара барысында өзеннен әр түрлі көлемдегі 49 ау алынып, торға түскен түскен балық түрлері өзенге босатылды. 

Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бастығы Мұрат Ермекқалиевтің айтуынша, рейд барысында кооперативтердің де балық аулаудағы заңдылықтары қадағаланды. «Бекіре-2017» кең ауқымды балық қорғау науқаны 31 мамырға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында инспекцияның кезекшілік бөлімінде тәулік бойы 21-31-97 қауырт желісі жұмыс жасайды. Браконьерлік фактілерді байқаған азаматтар осы қауырт желі арқылы байланысуға болады. 

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі