Атырауда «Жолда қабылдау» акциясы өтпек

Атырау облысы аумағында 14-15 маусым күндері республикалық «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Акцияның негізгі мақсаты - халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық және жол қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыруға және құқықтық білімдерін жетілдіруге, сондай-ақ, көші-қон заңнамасын түсіндіру. «Жолда қабылдау» акциясының ерекшелігі, мұнда кез-келген тұрғын құзырлы орган өкілдеріне көкейкесті сауалдарын қоя алады.

14 маусым күні Атырау қаласы бойынша өтетін орны:

- Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тас жолының 576 шақырым тұсы (Қарабатан);

- «Авангард» ықшам ауданы, соңғы аялдама маңы;

Өткізу уақыты: 08:30-12:30, 14:30-18:30;

15 маусым күні Атырау қаласы бойынша өтетін орны:

- Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тас жолының 576 шақырым тұсы (Қарабатан);

- «Дина» сауда орталығы.

Өткізу уақыты: 08:30-12:30, 14:30-18:30;