Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2024 жылғы 15 мамырдағы шығыс №1-5-5-5-70/2418-И нұсқауын орындау мақсатында 20 - 30 мамыр аралығында Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімің қызмет көрсету объектілерінде көліктегі ішкі істер органдарының барлық күштері мен құралдарын жұмылдыра отырып, «Абайлаңыз – балалар!» республикалық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды ескерту және алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің полиция қызметкерлері ескертеді:
- Балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды;
- Теміржол маңында ашық ойындарды ұйымдастырмауға;
- Теміржол бойынан белгіленбеген жерден және вагон астынан өтпеуге;
- Пойыз жүріп бара жатқанда отыруға немесе түсуге болмайды, пойыз толық тоқтаған кезде түсесіз;
- Келе жатқан поезд алдынан жүгіріп өтпеңіз;
- Есте сақтаңыз Теміржол –ойын алаңы емес!
Сондай-ақ, сағат 23:00 ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүрмеу керек екендігі ескертеді. Атырау станциясы желілік полиция бөліміне қарасты қызмет атқару аймағында қадағалаусыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді анықтаған жағдайда, ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.