Қазақстанда көлігі жоқ отбасыларға жеңілдетілген автокредит берілуі мүмкін

Индустрия министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бюджеттен қосымша ақша бөлуді көздеп отыр.

Министрлік жеңілдетілген автокредит бағдарламасын қайта іске қосудың бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр. 

"Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін министрлік жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтауда", - делінген ведомство хабарламасында. 

 Бұдан бөлек, президенттің тапсырмасымен халыққа жеңілдетілген автокредит берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Соның бірі көпбалалы отбасыларды, күш құрылымы қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау жөнінде кіші бағдарламаны қосу ұсынылды.

  Сондай-ақ "Бірінші отбасылық автомобиль" кіші бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылған. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы 2015 жылы іске қосылды. Ол 20 жылға есептелген және "жаңартпалы" әдіске негізделген.