«Әзербайжан Хава Йоллары» әуе компаниясы Ақтау маңында болған ұшақ апатының алдын ала себебін атады, деп жазады АЗЕРТАДЖ.
Әуе компаниясының хабарлауынша, ұшақ бір топ құспен соқтығысуы мүмкін.
Баку-Грозный бағытында нөмірі J2-8243 рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазір зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар бар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.
Жедел желі телефоны: 8/7292/319099.
Көлік министрлігі Бакуден Грозныйға жоспарланған рейс Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі екенін хабарлады.
Оқиға туралы қосымша ақпарат алдағы уақытта беріледі.
Фото видео кадры