Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиында Президент министрлер кабинетіне бірқатар ауқымды шаралар мен заңнамаларды жүзеге асыруға, сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша нақты тапсырмалар қойды.
Жекелеген жобаларға инвестициялар тарту бойынша тек нақты проблемалар ғана емес, сонымен қатар ведомствоаралық үйлестіру шеңберінде артық бюрократияны жойып, жекелеген процестерді қысқарту бойынша шаралар қабылдау мен «елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту» міндеті жүктелді.
Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшысы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Павлодар, Жамбыл облыстары, ШҚО, СҚО және Алматы өңірлерінде сырттан тартылатын қаражат көлемі бірден төмендегенін де негізге алды. Мәселен, өткен жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 12,7 миллиард долларды құрап, бұл 2023 жылдық салымдардан 36%-ға аз екенін атап өтті. Осы аталған жеке инвестициялар көлемінің азаюы бюджет қаражатымен өтелетіндігін де сөз етті. Алайда, бюджет тапшылығы жағдайында бұл тәсіл тиімсіз. Сондықтан, кез келген қарастырылуы керек шаралар шетелдік және отандық инвесторларға да қолданылуы тиіс екенін анық айтты.
Жүйелі жұмыстардың өз мерзімінде орындалуына сенім білдіре отырып, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына мол септігін тигізеді деп есептеймін.
Расул СЕРІКОВ, «Ассамблея жастары» РҚБ Атырау облысы жетекшісінің кеңесшісі