Димаш Құдайберген қытайлық әншімен ерекше вокалдық эксперимент жасады

15 ақпанда BRTV (Қытай) телеарнасында Димаш Құдайберген мен қытайлық әнші Гун Линнің қатысуымен Singing for the Central Axis of Beijing жобасы эфирге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдарламаның жазбасы 2024 жылдың соңында жазылды.

Димаш пен Гун Линн өздерінің мәдениетаралық саяхатының финалында ерекше вокалдық эксперимент жасады. Олар қытай және қазақ тілдеріндегі "Феникс" пен "Қараторғай" әндерін бірге орындап, бұрын соңды болмаған музыкадағы үйлесімділіктің сырын ашқандай болды.

Қазақтың дәстүрлі аспабы Қобыз мен қытайлық Шэннің (ерін органы) сүйемелдеуімен тангу барабандарының кенепімен әртістер өз елдерінің аңызға айналған тарихын баяндады.

Ежелгі қытай мәтіндері негізінде жазылған Гун Линның репертуарындағы қытайлық Phoenix әні император Феникстің өмірін баяндайды.

Аңыз бойынша, ежелгі дәуірде Император Феникс өмір сүріпті. Ол қазіргі Мьянма территориясынан "Дан үңгірі" тауына дейін 500 миль қашықтықты жүріп өткен, түрлі-түсті қауырсындары мен жұмбақ жазулары бар бір алып құс екен. Ежелгі адамдар бұл құсты "Фэн Хуан" деп атап, оны "Құстардың патшасы" деп санаған екен.

Құстардың патшасы ретінде ол әдетте жерден алшақ айшылық алыс тауларда тыныш өмірін сүріп, ән айтып, өз ритмінде би билейді. Ал егер ол жер әлеміне ұшып келген жағдайда, ол өзімен бірге бейбітшілік пен қолайлы ауа райын (құрғақшылықтан құтылады) бірге әкеледі екен.

Қауырсынмен жабылған басымен билейтін император-феникстің биі – жұлдыздарға табыну биі болып саналады. Осылайша, ежелден бері Фен Хуанг бейбітшіліктің пен береке-баршылықтың символы және сондай-ақ, көркем бидің құдайы ретінде құрметтеледі.

Феникс – ежелгі Қытайдағы аңызға айналған құстардың патшасы. Ол айдаһар сияқты қытай ұлтының рухани тотемі болып есептеледі. Өткен заманда жерде бейбітшілік пен өркениет орнаған кезде феникс ұшып келеді деп сенген.

Феникстің бейнесі қораздың басымен, қарлығаштың өңешімен, жыланның мойнымен, тасбақаның тасымен, балықтың құйрығымен және айдаһардың денесіндегі өрнектерімен сипатталады. Құстың денесіндегі боялған өрнектер жақсылық, әділдік, тақуалық, мейірімділік, сенім сияқты бес түрлі ізгілікті сипаттайды.

Зоологиялық классификация бойынша қараторғай – торғайлар отрядындағы қарапайым қара торғай. Алайда, шын мәнінде, "Қараторғай" әні – осы әннің авторы Ақан сері "Қараторғай" деп ат беріп, балапан кезінен асырап баққан бүркіт туралы.

Аң мен құстың білгірі болып саналған сегіз қырлы бір сырлы Ақан сері жылқының, тазының, құстың ең жақсысын таңдап, өзі баққан. Ол Әлібек батырдың үйінде бүркіттің балапанын көріп, оны қалап алады.

Көптеген жылдар бойы епті Қараторғай олжасын бір демде ұстап мергендігін талай дәлелдейді. Алайда уақыт өз орнында тұрмайтыны белгілі. Ол қартайып, әлсірейді. Құйрығындағы қауырсындары да сиреп, бұрынғыша жерге сенімді түрде түсу қиынға соғады. Өмірінің соңында қыран құс ең соңғы рет мына әлеммен қоштасқандай аспанды айналып, қалықтап ұшып барып жерге құлап түседі. Дәл солай Қараторғай қартайды, солды, өмірден кете барды…

Сурет dimashnews.com