Шахтадағы апат: Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілмек

Бұл туралы «Қазақмыс» корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Компания қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсететінін жеткізді.

"Қазақмыс ұжымдық келісімшартта көзделгендей, Жомарт кенішінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетеді. Әлеуметтік және материалдық қолдау мақсатында, соның ішінде моральдық зиянды өтеу үшін, қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері және 2 миллион теңгеден астам жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға төленеді. Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған" делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото:depositphotos.com